Қипатов Қайрат Ибрагимұлы
«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының АЕО» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары.
1986 жылы 26 мамырда Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласында дүниеге келген
2008 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша, 2015 жылы Шотландиядағы Абердин қаласында Роберт Гордон университетін «Ақпараттық және желілік қауіпсіздік» мамандығы бойынша бітірген.
Ғылыми дәрежесі: Ақпараттық және желілік қауіпсіздік магистрі
2009-2016 жылдары «Қазақтелеком» АҚ-да жұмыс істеді, онда жүйелік инженер, инженер лауазымдарын атқарды;
2016 – 2017 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да есептеу ресурстарын дамыту бөлімінің бас маманы, инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді;
2017-2021 жылдары «Қазақтелеком» АҚ-да еңбек қызметін жүзеге асырды, онда әртүрлі лауазымдарды атқарды, соның ішінде: жетекші маман, бас талдаушы, қызмет басшысы, Жобаларды басқару департаментінің директоры.
2021-2023 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еншілес ұйымы «KAP Technology» ЖШС-де жұмыс істеду, онда Цифрландыру және даму департаментінің директоры қызметін атқарды.
2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап – «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының АЕО» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары.